Адамдардың неліктен өз туған күнінде жиі көз жұматыны белгілі болды

0
1166

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық наркология ғылыми орталығының ғалымдары адамдардың туған күнінде болатын өлімінің жиі себебі алкоголь екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өзге күндерге қарағанда туған күн кештерінде адамдардың 24 пайызы алколгольді ішімдіктен уланып қайтыс болатыны анықталған. 

Сарапшылар Ресейде 2011 жылдың 1 қаңтарынан  2019 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі қайтыс болған 16,77 миллион адамның деректерін талдап, туған және қайтыс болған күндерін салыстырды. Содан кейін өлімнің әртүрлі себептері есептелді.

Зерттеу барысында алкогольден уланудан болатын өлім-жітімнің себептері, кісі өлтіру 25 пайызға жоғары, өзін-өзі өлтіру 9 пайыз, қан айналымы жүйесі, тыныс алу және ас қорыту ауруларының салдарынан көз жұматыны белгілі болды.

Бірақ мамандардың пікірінше көп өлім салдарына әкелетін мереке бұл жаңа жыл. Қаңтардың алғашқы күндерінде әртүрлі себептермен артық өлім-жітім туған күнге қарағанда екі-төрт есеге жоғары болады.

«Туған күндерде болатын өлім көрсеткіші жаңа жыл мен өзге мерекелерге қарағанда аралық орынды алады», — деп түсіндірді зерттеушілер.