«Адамдар жақында коронавирустан емес, аштықтан өледі»: Әнші Бүркіт президентке үндеу жолдады (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Емілізде болып жатқан төтенше жағдай көпшілікті толғандырып отыр. Оның ішінде өнер адамдары да бар. Осы ретте әнші Бүркіт мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа елде болып жатқан жайтқа назар аударуды сұрап, үндеу жолдады. 

 

 

__ Уважаемый Қасым-Жомарт Кемелұлы! ___ Обращаюсь к Вам от имени граждан Казахстана. За срок больше месяца введенного карантина в стране, медицинские службы наверняка уже умеют и способны выявлять вирус у человека. Мы, со своей стороны, в частном порядке ездим по разным районам города и помогаем продовольствием. Но, к сожалению, мы не можем помочь абсолютно всем. Мы видим сложившуюся ситуацию в малообеспеченных семьях и нам очень жаль. Те же таксисты, уборщики , официанты, работники рынков и многие другие, которые перебивались ежедневным заработком, оказались в очень трудном положении. И на это не легко смотреть. В связи с этим, прошу Вас ослабить режим карантина и дать возможность многим компаниям и учреждениям возобновить трудовую деятельность. Конечно же, с соблюдением санитарных мер. Это облегчит положение граждан. Иначе, скоро люди будут умирать не от коронавируса, а от голода. И это намного страшней в наше мирное время. Просим Вас взять это во внимание. Желаю Вам крепкого здоровья и благополучия! Спасибо.

Публикация от Aibek Janseitov (@berkut_qazaqstan_)

Әнші президентке жазған жазбасын желіге жүктеді. Бүркіт мемлекет басшысынан карантин режимін жеңілдетуді сұрады. 

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізге қазақстандықтар атынан өтініш айтқым келеді. Елімізде жарияланған бір айдан астам уақыт ішінде медициналық қызметкерлер адам бойында вирус бар-жоғын анықтап үлгерді деп ойлаймыз. Біз әр аймаққа барып, тамақ таратамыз. Өкінішке қарай, бәріне бірдей көмектесе алмаймыз. Көп балалы, аз қамтылған отбасыларды көреміз. 

Таксистер, тазалықшылар, даяршылар, базарда жұмыс істеп келгендер күнделікті ас-суын таба алмай қалды. Бұған бей-жай қарауға болмайды. Сол себепті карантин режимін жеңілдетіп, бірқатар компаниялар мен мекемелерге санитарлық талаптарды сақтай отыра жұмысым жалғастыруға мүмкіндік беруін сұраймын. Бұл азаматтардың жағдайын жеңілдетеді. Олай болмаған жағдайда, адамдар коронавирустан емес, аштықтан өледі.

Бұл бейбіт заманда тіпті қиын болмақ. Бұны назарға алуыңызды сұраймын. Сізге зор денсаулық пен табыс тілеймін. Рахмет», — деді әнші видеоүндеуінде. 

Желі қолданушылары әншінің сөзін қолдап, пікір білдірді. 

«Тура айттың, өте орынды, Алла разы болсын. Көмегіңді беріп жатырсың, аман бол», «Халықты ойлайтын әнші, көзімен көрген соң айтады, карантин жағдайды қиындатты», «Бұл сөз жетер жеріне жетсе екен, мен қолдау білдіремін», деді олар. 

Енді бірі 42500 теңге жәрдемақының ешбір отбасыға жетпейтінін айтып даурықты. 



stan.kz