адамдар отырған автобус өртеніп кетті

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

96 0 0

Магнитогорск қаласында бірнеше күнде екінші рет адамдар көз жұмған төтенше жағдай болды

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Магнитогорск қаласында маршруттық автобус өртеніп, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Челябинск губернаторының Telegram каналы.

«Магнитогорск қаласындағы Карл Маркс пен Правда көшелерінің қиылысында «Газель» автомобилі өртенгені туралы хабар келіп түсті. Ішінде отырған үш адам көз жұмды», — деп хабарлайды губернатордың баспасөз қызметі.

Куәгерлер бастапқыда «жарылыс пен оқ дауысын» естігендіктен, теракт болды деп ойлаған.

Ресми өкілдер өртенген автобус ішінде екі газ балоны болғанын анықтады. Төтенше жағдай болған жерге жедел тексеру тобы мен федералды қауіпсіздік қызметі келіп жетті.

Естеріңізге сала кетсек, бұл осы апта ішіндегі Магнитогорск қаласында болған екінші ірі төтенше жағдай. 31 желтоқсан күні көпқабатты үйлердің бірінде газ балоны жарылып, бір подъезд толықтай қирады. Билік сегіз адамның көз жұмғанын хабарлады.

Осыған ұқсас жағдай 2017 жылы Қазақстанда болған еді. 1 қаңтар күні подъездердің бірінің жертөлесінде жарылыс болып, тоғыз адам көз жұмды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/