Адам зорлады деген күдікті Талғар колониясынан қашып кетті
Талғардағы әскери-әуе күштерінен адам зорлады деген күдікті қашып кетті, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
«Уақытша ұстау изоляторынан күдікті азамат К.қашып кетті, осыған байланысты «Сирена» жоспары енгізілді. Негізгі бағыттарда блок-бекеттер қойылып, барлық күштер мен құралдар қашқынды іздеуге және ұстауға бағытталған», — деп хабарлады полиция.
Қашу жағдайларын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды.
Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Фото: liter.kz