«Адам төзгісіз болды»: Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовпен 5 жылдық некесі жайлы

0

Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Алагөзованың шаңырағында мерейлі күн, деп хабарлайды kznews.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.

Жұптың махаббат хикаясының басталғанына тура 5 жыл толды. Осы орайда танымал продюсер күйеуімен қарым-қатынасы жайлы айтып берді.

«Бұл жерде 25 қабатта күйеуіммен бірге кешкі ас, шампан ішіп отырған сурет болуы тиіс еді. Бүгін бізде мерейтой. Бірге өмір сүріп келе жатқанымызға 5 жыл. Көп те, аз да емес, бірақ ол біздің 5 жыл», – деп жазды продюсер.

Баян Мақсатқызы осы жылдар ішінде түрлі эмоцияны бастан өткергенін айтады. – Қуаныш пен қайғы қатар жүретін өмірде екіге кетпей, махаббатымыз бәріне төтеп берді, деп ағынан жарылды ол.

«Жасырмаймын, жақсы да, жаман да, ғажап та, адам төзгісіз де болды. Бірақ біз біргеміз, өйткені махаббат барлық кедергілерді жояды», – деді Баян.

Бұл ретте продюсер неліктен суретте күйеуі жоқ екенін түсіндірді. «Ыстығым көтеріліп, жөтеліп жатырмын. ПЦР теріс нәтиже көрсетті», – дейді Мақсатқызы. Продюсер денсаулығына байланысты, «Қазақ аруы» байқауының соңғы дайындығына қатыса алмай қалған. Сұлулық сайысы бүгін, 8 желтоқсан күні өтеді.