Адам құқығын қорғау – маңызды мәселе

0

Семинар-тренингке облыс әкімінің орынбасары Айна Мы­сыр­әлімова, «Нұр Отан» партия­сы облыстық филиалы төраға­сы­ның бірінші орынбасары Ғалым Бек­мағамбетов, облыстық ішкі саясат бас­қармасының басшысы Гүл­жанар Шөкеева, жергілікті құқық қорғау және сот орган­дарының, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелері­нің қызметкерлері, оқытушылар, азаматтық қоғам институт­тары­ның, жастар ұйымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар-тренингте Қазақстан Республикасындағы адам құ­қық­тарын қорғаудың ұлттық және халықаралық жүйесі жан-жақты пысықталып, қаты­су­шы­лар қоғамда пайда бола­тын еңбек және әлеуметтік жан­жал­дар­дың алдын алу және оларды ше­шу тетіктерімен таныстырылды. 

Комиссия мүшелері мен сарапшылары Тастемір Әбішев, Светлана Жаркенова, Ольга Вол­кова нақты мысалдармен тың­дау­шыларға адам құқықтары мен бостандықтары туралы ғана емес, сонымен бірге азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері туралы да айтып берді. 

Тренинг барысында тың­дау­шылар БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы бақылау функцияларымен, адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға қатысты құрылған бақылау ор­ган­дарының құзыретімен танысып, БҰҰ-ның тиісті коми­тет­терінде азаматтардың жеке шағым­дарын қарау тетігіне тоқ­тал­ды. Сондай-ақ Елбасының бес инс­титуттық реформасы мен бес әлеуметтік бастама­лары, халыққа арнаған биылғы жаңа Жолдауы, оны іске асы­ру тетіктері, «Рухани жаң­ғыру» бағ­дар­ламасы аясында Қа­зақ­стан­дағы қоғамдық сананы жаң­ғыр­тудың ережелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан» 

Ақмола облысы