Адам қашан бақытты болады? — Қызықты деректер / Пайдалы мәліметтер

0

© Сурет : Pascal Campion

Үйленіп, отбасы құрған алғашқы күндері енді бұдан кейін өмірдің біз үшін ерекше болатынына өзімізді сендіреміз. Кейін бәлкім кішкентайымыз болғанда жақсы өмір басталар деп ойлаймыз. Кейін олар өскенде нағыз бақытқа жетсек керек деп қоямыз. Сол сияқты есейгенде, оқуды бітіргенде, жұмысқа тұрғанда, жаңа көлік алғанда, демалысқа шыққанда, зейнетке шыққанда дегендей әр жаңа өзгеріске қол жеткізгенде өмірдің рахатына, бақытына қауышатынымызды үміттенеміз.

© Сурет : Pascal Campion

Бұлай ойлауымыз бақытқа алып баратын жолдың бұл еместігін көрсетеді. Ал негізгі шындық болса, нағыз бақыттың тап қазіргі күндерден басқасы еместігі.

Егер бұған келіспейтін болсақ, онда қай уақыт?… Өміріміздің барлық кезеңі күреске толы болары күмәнсіз. Олай болса, ең дұрысы шындықты өзі бойынша қабылдап, әр кезеңнің өзіне тән бақытын көре алу.

© Сурет : Pascal Campion

Альфред ДСоуза былай деген екен: «Ұзақ уақыттан бері бақытты өмірімнің (жаңа, шын өмірдің) басталуын күтуде едім. Бірақ қашанда жолымда бір кедергі, жету керек болған мақсат, бітпей қалған тірлік, өтелу керек болған қарыз, күтпеген жұмыстар шығып тұрды. Ал менің ойымша нағыз өмір содан кейін басталуы керек еді. Алайда сол кедергілердің бәрі менің өмірім екенін соңында түсіндім…»

© Сурет : Pascal Campion

Олай болса, тап қазіргі қолымыздағы әрбір сәттің, өмір сүріп жатқан әрбір күннің қадірін білейік!… Уақыт ешкімді күтпейді, соны ұмытпау керек. Сондықтан бақытты болу үшін қандай да бір ерекше кезеңдердің келуін, шарттардың орындалуын босқа күтпейік, қай кезеңде болсақ та бақытты болуға мән берейік.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: