Адам өлімі тіркелген жол көлік оқиғасына себепкер автобус жүргізушісінің әйелі Тоқаевқа үндеу жасады
Қайырлы кеш, Құрметті қазақстандықтар және Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза! Осы үндеуіме құлақ асуларыңызды сұраймын! Заң бәріне ортақ.
Олай болса Жол қозғалысы ережесінің 13-бөлімі 8-тармағына сәйкес, бағдаршамның рұқсат беретін сигналы кезінде жол қиылысына кірген жүргізуші жол қиылысынан шығудағы бағдаршам сигналына қарамастан, белгілі бағытқа шығады.
Жол қозғалысы ережесінің 13-бөлімі 9-тармағына сәйкес, бағдаршамның рұқсат беретін сигналы іске қосылғанда жүргізуші жол қиылысы арқылы жүрісін аяқтайтын көлік құралына және осы бағыттағы жолдың жүру бөлігінде өтуді аяқтамаған жаяу жүргіншіге жол береді. Дәл осы заңды жоққа шығаруға кім құқық берді? Осы тармақтар бойынша жол қозғалы ережесінің осы талабын өрескел бұзған Абдуллаев Азатжан Садыкжанович күдікті болуы қажет емес пе? Неге менің жолдасымды қамауда ұстап отыр. Неге бағдаршамның ақаулығы, 201-ші автобустың жүргізушісінің кінәсі ескерілмейді? Неге менің жолдасымды қауіпті қылмыскердей барлық құқығын шектеп отыр? Неге тергеу және сот процестері бір мәселені бір жақты қарап отыр? Неге сараптамаға басты сұрақты енгізбей отыр? Себебі, жауап айдан анық. 201-ші автобус жүргізушісінің жол-көлік оқиғасын болдырмауға мүмкіндігі болды. Арада 35/40 метр жер бар. Ал Абдуллаев сол күні көшені сатып алғандай барып соға салды? Жасыл жанғанда адамның бәрін басып-жаншып өлтіре беруге болады деген заң қайдан шықты? Жүргізушілер жол қауіпсіздігіне көз жеткізбей көлік басқаратын болса елде адам қалмайтын шығар.
Құрметті, қазақстандықтар сіз болып, біз болып #әділетсізпен бірге күресейікші. Барынша ақпаратпен бөлісулеріңізді сұраймын!
Gulzira Nurkhadirkyzy
Автордың пікірі редакция ұстанымын білдірмейді.