«Адам менсінбейді»: Қайрат Нұртас танымал блогерді итеріп жіберді

0

Әлеуметтік желіде отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың “Zheka Fatbelly” деген лақапатпен танамыл Жеңіс Омарұлының кеудесінен итерген видеосы тарады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші мен блогер арасындағы кикілжің кезекті түсірілім барсында болса керек.

Өнер иесімен сөйлесіп, келісімге келуге тырысып жатқан блогер “Қайреке, мен сізге жап-жақсы айтып жатырмын ғой” деп еді, Қайрат “Баршы дедім” деп Жеңісті итеріп жіберді. Екі ер азаматтың арасындағы дау ушығып кетпес үшін белгісіз ер адам блогерды сабырға шақырып, оларды ажыратып әлек.

Алайда Қайрат Нұртас пен Жеңіс Омаровтың арасындағы кикілжіңге не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Осы уақытқа дейін миллиондаған тыңдарман жинап, көпшіліктің көзайымына айналған хитменнің бұл әрекеті жұртқа жақпай қалды.

“Тәкәппар болмау керек”, “Қайрат халықтың арқасында жұлдыз болды”, “Адам менсінбейді”, “Қайрат мал ғой”, – деп жарыса пікір қалдырды желі қолданушылары бейнежазба астына.

 

Талқылау