Адам бетінің пропорциясы, адам басын бейнелеу

0
Бейнелеу өнері 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Адам бетінің пропорциясы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың адам басының құрылысы жайлы таным — түсінігін кеңейту.
ә) Дамытушылы: Адам қаңқасындағы күрделі бөліктерін салуда жұмыс істеу әдіс — тәсілдерін арттыру, мүмкіндігінше шығармашылық жұмыс жасауға баулу.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Көрнекті құралдар: Адам басының қаңқасының суреті және негізгі мүшелері (көз, ауыз, мұрын, құлақ)
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, үйрету, сурет салу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
7. Үйге берілген тапсырма:
8. Адам денесінің пропорциясы.

Жаңа сабақ:
Адам басының негізі оның бас сүйегі. Адамның бет пішінін, кескін – келбетін бейнелеу үшін ең алдымен бас сүйегінің құрылысымен танысқан жөн. Адам басының сүйегі әр алуан 23 сүйектен тұрады. Олардың негізгілері: маңдай сүйек, самай сүйек, самай сүйек, төбе сүйек, шүйде сүйек, мұрын сүйек. Адам басының пішіні 4 түрге бөлінеді.
Адам басын бейнелеу екі сатымен орындалады.
Біріншісі — суреттің қағаз бетіндегі қисынын табу, бас құрылысының негізгі сызықтарын анықтау.
Екіншісі – кескіннің құрастыру құрылысы мен көріністегі қолданылуы.
бастың сыртқы құрылысы терімен қапталғандықтан оның мүшелері (құлақ, мұрын, көз, ерін) ерекше бір әдемі пластикалық пішін түзеді. Олар адам басының ең қажетті мүшелері, адамның мінез құлқын, бет пішінінің бұзылуын бейнелеуге тікелей әсер етеді.
Адам басының суретін салу жүйесін жақсы игеру үшін әр түрлі адамдардың бет бейнесін қағаз бетіне нобайлап жылдам бейнелеуге жаттығу керек. бұл адамның бет құрылысын, бет пішінін әрі жақсы әрі дұрыс бейнелеуге үйретеді. Егер адам басын сәл еңкейтсе, онда иық, мұрын қысқарады. мұрынның ұшы ерінді жауып кетеді. Ал адам шалқайса, онда маңдай тарылады, тамақ керіледі, төбе көрінбейді, жақ сүйектердің етектері қырланып шығады. Осыған байланысты адам басының пропорциясы түрліше өзгеріске тап болады. Адам басының құрылысының пропорциясын меңгергеннен кейін адамның тұлғасын оңай бейнелеуге болады.

Сурет салу: Көмекші сызықтар арқылы адам басының қаңқасын бейнелеу:
1. Жұмыртқа тәрізді бас өлшемін сызамыз
2. Тігінен бір көмекші сызық сызамыз
3. Көлденеңінен көз тұсынан сызық, мұрын ұшының тұсынан сызық, екі еріннің орта тұсынан көмекші сызықтар сызамыз.
4. Осы сызықтар арқылы мүшелерін орналастырамыз (кз, мұрын, құлақ, ерін )

Бекіту сұрақтары:
1. Адам басының қаңқасының негізгі сүйектері?
2. Ада басының дамуы туралы не білдіңдер?
3. Адам басын бейнелеудегі екі сатыны түсіндір?
4. Бастың негізгі мүшелері?
5. Адам басының негізгі мүшелерінің орналасу реті?
Үйге тапсырма беру: «Мен ұнатқан кейіпкері тақырыбына сурет салып келу.

Мұғалімі Г. Дүйсенбаева
Адам бетінің пропорциясы жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/