«Адам ата қазақ болған»: Отандық ғалым ел күтпеген болжам жасады — новости Казахстана

0

Отандық ғалым Адам атаның қазақ болғанын және оның қазақ тілінде сөйлегенін айтты. Қазіргі мәліметтер бойынша бұл мәлімдемені ҚазҰУ-дың доценті әрі философия ғылымдарының докторы жасаған Бейсенов Б.К жасаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Depositphotos

Фото: Depositphotos

Ғалымның бұл мәлімдемесі университет басып шығаратын «Вестник» журналында жазылған.

Мақала авторының айтуынша, бұл жаңалық қазақстандықтар үшін күтпеген тосын сый болмақ.

Ол Қазақстанды адамзаттың отаны деп атады. Маманның мәлімдеуінше, әлемдегі алғашқы адам біздің еліміздің аумағында пайда болған. Оған қоса, ол Адам атаның есімі дәл осылай аталуында да ерекше мән-мағына бар екенін алға тартты.

Сонымен қатар, мақала авторы Адам атаның қазақ тілінде сөйлегенін де айтып өткен. Ол өз болжамының растығын дәлелдеу үшін «алма» сөзін келтірген.

Ғалымның айтуынша, жаратушы Адамға ағаштағы жемісті көрсетіп, оған «алма» деп айтқан. Алғашқы адам тілінде ол «оны алуға болмайды» дегенді білдіргенімен, Адам ата кейіннен жемісті де «алма» деп атап кетті.

Оған қоса, ер адам жеміс туралы оқиғаның ойдан құрастырылмағаны мен шынайы өмірде болғанын айтты.

«Мүмкін адам Іле Алатауының тау бөктеріндегі бақтарға барған кезінде нағыз адам болып шықса керек. Себебі ол жерде әлемдегі ең алғашқы алмалар өскен болатын» , — деді ғалым.

Айта кетейік, мақалада Хауа ана туралы ештене жазылмаған.