“Абыройын айрандай төкті” — Халық әкімдіктен үй сұраған Нұрғали Нүсіпжанов пен әйеліне наразы

0

Журналист Ася Асеткина Нұрғали Нүсіпжановқа байланысты тағы да жазба қалдырды. Ол алдыңғы жазбасын өшіргенін айтты. 

«Достар, мен Нұрғали Нүсіпжанов туралы постымды өшірдім. Себебі, ағаның жағдайын жақсы білетін кісілердің айтуы бойынша, Нұрғали ағаға осыған дейін бір емес, бірнеше рет (әкімдіктен де, меценаттар да) үй сыйлаған екен. Бірақ олардың, жас жұбайы Жадыра екеуі ол алған үйлерін қанағат тұтпай, қалаулары – Алматының жақсы районынан, үлкен үй алу екен. Анығын біліп алмай, асығыс пост салғаным үшін өздеріңізден кешірім сұраймын», — деп жазды ол.

Алайда халық әнші мен оның жас әйелінің бұл әрекетіне наразылық білдіріп, сынға алды.