Абоненттік құрылғыны қалай тіркеу керек

0
27 Желтоқсан 2018, 19:10 186 0

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап IMEI-код + SIM-карта + тұлғаның ЖСН-і сызбасы бойынша абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді. Тіркелмеген абоненттерге байланыс қызметі көрсетілмейді. Сондықтан азаматтар осы жылдың соңына дейін өз құрылғысын тіркеуі қажет», – деп хабарлаған болатын ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Яғни осы арқылы тіркеуден кейін әлдекімнің телефоны ұрланса, база арқылы оны кім пайдаланып жүргенін анықтауға болады. Базада құрылғының IMEI-коды ұрланған ретінде тіркеуде тұрса, байланыс операторлары да байланысты бұғаттауға мүмкіндік алады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз