Әблязовтің сыбайласы Қазақстанға экстрадицияланды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Әблязовтің сыбайласы Рустам Ибрагимов БТА банкінің сомасы 250 миллион долларды құрайтын активтерін жымқырғаны үшін іздеуде болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik.«БТА банк» АҚ бұрынғы басқарушы директоры Рустам Ибрагимов Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды. Қазір ол Алматының тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап.

«Ибрагимов Мұхтар Әблязов ұйымдастырған қылмыстық топтың мүшелерімен бірігіп, БТА банкінің сомасы 250 миллион АҚШ долларын құрайтын активтерін жымқырғаны үшін іздеуде болды», — деп мәлімдеді бас прокуратурадан.

Ибрагимов Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып, БАӘ аумағында жасырынған.

«Қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ, Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің көмегімен төлқұжат заңсыз деп танылып, фигурант ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды», — деді прокуратурадан.

Қазір Ибрагимов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз: Бас прокуратура Мұхтар Әблязовке қатысты мәлімдеме жасады – видео

Бұған дейін Нью-Йорк қаласының соты Мұхтар Әблязовке Алматы әкімдігі мен БТА банкінің адвокаттық қызмет шығындары үшін 140 115,60 АҚШ долларын төлеуді міндеттейтін қосымша санкциялар қолдану туралы шешім қабылдады.

Мұхтар Әблязовке қатысты сот АҚШ-та төрт жыл бұрын басталған болатын. Ол АҚШ аумағында ақша жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Арызданушылар – Алматы қаласының әкімдігі мен БТА банк, олар тиісті дәлелдер жинап, куәгерлер тапқан.



sputniknews.kz