Әблязов Франциядан саяси баспана алды

0
0

Қазақстан билігінің сыншысы, шетелде тұрып жатқан экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің Франциядан саяси баспана алғаны хабарланды.

Бұл ақпаратты алдымен Әблязовтың заңгері Бота Жәрдемәлі 4 қазанда Facebook парақшасында жариялады. Оның жазуынша, Францияның саяси баспана жөніндегі ұлттық соты (CNDA) Әблязовты саяси босқын деп таныған.

«Қазақстан билігінің Франция басшылығына жасаған күшті саяси қысымына, [қазақстандық] режимнің ұйымдастырған халықаралық лоббиіне, лас PR істеріне, қолдан жасалған айыптауларына, манипуляция мен француз соты жүйесіне жасаған қысымына қарамастан іс бітті» деп жазды Жәрдемәлі.

Әблязовтың өзі Азаттыққа Франциядан саяси баспана алғанын растады. Франциялық Le Monde басылымы да Францияның Әблязовқа саяси босқын мәртебесін бергенін жазды.

Азаттық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз