Аблязов Франциядан кете алмайды — БТА банкі

0

БТА Банкі Әблязовтың Франциядан кетуі міндеттелген хабарламаға түсініктеме берді.

Ұйымның ресми мәлімдемесінде іздеуде жүрген қазақстандық банкирдің 30 күн мерзімде ел аумағынан кетуге міндетті құжатты алғаны туралы айтылады. Франция соты оны босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады.

«Соған қарамастан, бұл нұсқаманы орындау мүмкін емес, өйткені тергеу судьясы Әблязовқа қатысты оған елден кетуге тыйым салатын сот бақылауы шарасын қабылдады», — делінген банктің хабарламасында.

фото:  rapsinews.ru