«Әбіржіп кетіпсіз»: Жұрт Айқынға стилист ауыстыруға, ал Жұлдызға боянып жүруге кеңес берді – Қазақстан жаңалықтары

0
109

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали сын астында қалды. Желі қолданушылары Айқынға стилист ауыстыру керектігін, ал оның жары Жұлдыздың соңғы кездері әбіржіп кеткенін айтады, деп жазады Stan.kz.

"Әбіржіп кетіпсіз": Жұрт Айқынға стилист ауыстыруға, ал Жұлдызға боянып жүруге кеңес берді

Жуырда отандық кинокартинаның тұсаукесерінен фото жариялаған Жұлдызға оқырмандардың бірі: 

«Күйеуіңізді жөні түзу стилистке апарсаңызшы», – деп жазған. Оған Өмірғали:

«Кешірім сұраймын, бірақ бұл сіздің шаруаңыз емес. Оның онсыз да талғамы жақсы. Стилистердің айтқанын емес, өзіне жарасқанын киеді», – деп жауап берген.

Сондай-ақ, келесі бір желі қолданушысы соңғы кездері Жұлдыздың өзінің сырт келбетіне мән бермей кеткенін атап өткен.

«Неге шашыңыз үнемі осылай жиналып, бояусыз жүресіз әбіржіп», деген оқырманына Жұлдыз:

«Қазір жеңіл ғана боянамын. Себебі күйеуім рұқсат етпейді. Ал бұл күні боянуға тіптен уақытым болмады. Кинотеатрға барар жолда көлікте бояндым», – деп жауап қалдырды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz