Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын нокдаунға түсіріп, ширек финалға шықты

0

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады деп жазады Olympic.kz. 

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Аманқұл өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездескен болатын.

Тартысты жекпек-жектің бірінші раундында төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. Алайда, екінші раунда тез жиналған Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, үшінші кезеңде де қарсыласынан басым түсті.

Нәтижесінде, төрешілер қазақстандық боксшының жеңісін мойындап, Аманқұл келесі айналымға өтті.

Ширек финалда Әбілхан Аманқұл Бразилия елінің өкілі Эберт Консейса Соузамен қолғап түйістіреді. Кездесу 1 тамызға жоспарланған.

Айта кетелік, бұған дейін төрт қазақстандық боксшы Токио Олимпиадасын мерзімінен бұрын аяқтады.