Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында дүниеден өтті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында өмірден өтті

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Белгілі жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Суыт хабарды Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысы Амангелді ауданындағы Егіндісай ауылында туған. Белгілі жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ұзақ жылдар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қызмет еткен.

Тағы оқыңыз: Белгілі Құран аудармашысы қайтыс болды

800-ден астам еңбектің авторы. «Айжанның ғашығы»,  «Берік», «Аңсаған менің әнімсің», «Ақсүйек», «Кер бұзаудың өлімі» повестерін, «Таңшолпан» романын жазған.

Әбілфайыз Ыдырысов –  Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі, бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың әкесі.



sputniknews.kz