Абдуллин аягөздік тыңдарманына қолындағы жүзігін шешіп берді

0

Нұрболат Абдуллин аягөздік тыңдарманына қолындағы жүзігін шешіп берді, деп жазады Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шығыстың аруы концерт кезінде әншінің саусағындағы бұйымды нұсқап, өзіне беруді сұраған. Абдуллин қыздың көңілін қалдыра алмады.
Ол ән айтып тұрғанына қарамастан, жүзігін шешіп, оны бейтаныс аруға сыйлады. Қатты қуанған бойжеткен оны бірден тағып алды.

Болған жайттың видеосын жариялаған Абдуллин: «Сақина табылар, көрермен көңілі қымбат», – деп пікір білдірді.

Желі қолданушыларының бір тобы әншінің жомарттығына риза болса, екінші топ қыздың «пысықтығын» сөз етті.

«Сұрауға қалай батылы жетті екен, қолын ұстауға ұялатын едім», «Қыз бала ер азаматтың жүзігін алғаны ұят», «Неке жүзігін алып алмағанына шүкір», «Дым көрмегендей сақинаға жармасқаны несі, әрине, ұялғанынан бере салды», – деп жазды желі қолданушылары.

Фото stan.kz