Үш қабатты Абдулла мешіті: Алматыда мұсылмандардың 52-ші құлшылық орны ашылды

0

Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты «Жас қанат» шағын ауданында «Абдулла» мешіті ашылды. Мешіт жомарт жандардың демеушілігімен салынған.

Бұл туралы Мүфтият сайты жазды.

Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Бұл Алматыда ашылған 52 мешіт. Мешіт үш қабатты. Мешіттің сыйыну залы, 250 адамға арналған асханасы мен 80 көлік сиятын автотұрағы, балалар алаңы, неке қию залы бар. Жаңа мешіттің бас имамы болып Тыныштықбай Мырзаев тағайындалды.

 

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз