Әбдіжаппар Әлқожа көлігінен түскен көрімдікті қайырымдылыққа жұмсап жатыр

0

Әбдіжаппар Әлқожа су жаңа көлігін көрсетіп, елден көрімдік сұрады. Әнші жиналған сомманы мешіт құрылысына аударды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.

Әбдіжаппар Әлқожа Instagram-дағы парақшасында жаңа автокөлік алғанын хабарлады. Мүлкін көрсеткен ол Kaspi картасына көрімдік қабылдайтынын жазды. Көп ұзамай, әншінің туыс-достары оған қаражат аудара бастады.

Соңында әнші өзіне қаржы аударғандарға тосын-сый жасады. Ол бар қаражатты «Перзент» балалар үйінің басшысы Әмина Қажы Әжібаеваға аударды. Әншінің айтуынша, Әмина Қажы Рамазан айында мешіт тұрғызуда.

(ақпарат: stan.kz, фото: ашық ақпарат көзі)