Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шықты
Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін Қонаев қаласында қамалған Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шықты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жеке парақшасына видео жариялап, оқырман қауыммен қауышты.
“Күйін кештім мен бүгін! Көкбөрілердің жаралы. Адым сайын аңдыған Қақпаннан сирақ қанады. Арландарым атылып, Бөртелер кезді даланы, Айналамның барлығы Шибөрі болып барады. Балақтан тартқан әр итке көңіл бөлсең сапарыңнан қаласың», – деген жазба қалдырды өнер иесі.
Желі қолданушылары сүйікті әншілерінің бостандыққа шыққанына қуанып, әншіге қолдау білдірді.
“Аман-есен оралғаныңа қуанып отырмыз”, “Сен мықты болған соң ғана берілетін сынақ екенін біл”, “Өзі бүлдіріп алып, кімге ренжіп жүр?”, “Бұкіл жамандық артта қалсын!”, “Қарапайым адам болсаң сотталып кетер едің”, “Ішіп-шегіп машина айдамайтын болдың енді”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Айта кетейік, «Адам болған соң қателесуің мүмкін» деп мәдениет және ақпарат министрі Балаева өнер адамдарының қамауға алынуына қатысты пікір білдірген еді.