«Абайды қызылдар қамаған»: Тарихты бұрмалаған танымал діншіл ұстаз күлкіге қалды (ВИДЕО)

0

Әлеуметтік желіде діни уағыздар айтатын ұстаз Жарқын Мырзатай тарихты бұрмалаймын деп күлкіге қалды, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kzақпарат порталына сілтеме жасап.

«Семейде ақылдасатын кезде қызылдар әкеліп, түрмеге қамап тастайды. Абай атамыз Мәшһүр Жүсіпке хат жазады. «Ағажан, біздің егеменді ел бола алмайтынымызды білдіңіз бе? Неге келмедіңіз? Білсеңіз, неге ескертпедіңіз?» дейді. Сонда Мәшһүр Жүсіп Көпеев «сездім» деген екен. Біз егеменді ел бола алмаймыз, жау алыстан келмейді деген екен. Біздің аталарымыз жер үшін күреспеді демеу үшін үндемеген екен», — дейді Жарқын Мырзатай.

Ал тарих бойынша қызылдар 1917 жылы құрылған. Ал Абай Құнанбаев 1904 жылы өмірден өткен. Демек, 13 жылға уағызшы арадағы 13 жыл кейін жылжытып алған. Абайдың бірде-бір шығармасында егемендік жайлы сөз жоқ. Сондай-ақ Абай Көпеевке «ағажан» деуі де мүмкін емес. Себебі ол одан 13 жас үлкен.

«Мынау не масқара? «Егеменді ел» деген сөзді Абайдың тілі деп отыр ма? Осындай надан, арсыз болады екен. Мұндайларды жауапқа тарту керек. Бұлар тарихты өздері жаза ма?», — деп сөккен оны желі қолданушылары.

фото: ашықдереккөз