Абайдағы 7 жасар бала зорлығы: Аппеляция үкімді өзгеріссіз қалдырды — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Түркістан облысы Абай аулындағы 7 жасар баланың зорлануына қатысты сот үкімін аппеляциялық сот алқасы өзгеріссіз қалдырды.
Бұл туралы «Азаттық радиосына» сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
6 наурызда Түркістан облысында сотталған жасөспірімге шыққан сот үкіміне қатысты аппеляциялық шағым қаралды. Сот алқасы шағымды қанағаттандырмады.
Сотталған жасөспірімнің анасы сотқа қорғаушы ретінде келді. Оның сөзінше, сот сарапатама нәтижесін ескермеген. Айтуынша, сараптама нәтижесі баласының кінәсіз екенін көрсеткен көрінеді.
Ендігі әйел кассациялық инстанцияда сот үкімінің өзгертілуіне қол жеткізуге тырыспақ.
Еске сала кетейік, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас туғызды. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып арызданған. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Биылғы жылдың қаңтар айында сотталушы жасөспірім кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz