Абай туралы фильмдер ұсынылды

0

«Қазақфильм» қазақ ойшылы мен әкесі Құнанбай туралы фильмдерді YouTube–каналда тамашалау мүмкіндігін ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. «Қазақфильм» киностудиясы Абай туралы фильмдерді YouTube–каналға жүктеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шәкен Айманов атындағы киностудия ағартушының 175 жылдығына орай көрермен назарына үш фильм ұсынып отыр. Сондай-ақ, «Абайдың әкесі Құнанбай туралы фильмдер» тақырыбындағы картиналар да қолжетімді.

  • «Абай. Өмірі мен творчествосы» деректі фильмі, режиссері — Тимурлан Арганчеев, 1983 жыл 
  • «Абай әндері» көркем фильмі, режиссерлер — Ефим Арон мен Григорий Рошаль, 1945 жыл (Мұхтар Әуезов романы желісі бойынша түсірілді)
  • 25 жыл бұрын түсірілген «Абай» кинолентасы, режиссері — Ардақ Әмірқұлов. Абайдың жастық шағы туралы картина түрлі кинофестивальдерде үздік деп танылды.
  • «Құнанбай» биографиялық фильмі, режиссері — Досхан Жолжақсынов. 2016 жылы түсірілген картина Абайдың әкесі — Құнанбай Өскенбайұлының тағдыры туралы баяндайды.

Төрт жыл бұрын картина авторлары әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік премияға ие болды.

Еске сала кетсек, биыл елде Абайдың 175 жылдығы аталып өтеді. Жыл бойы түрлі конференциялар, дәрістер, акциялар мен әдеби эстафеталар ұйымдастырылады.



sputniknews.kz