Абай Құнанбаевтың бұған дейін жарияланбаған туындысы табылды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Қазақстандық ғалым Асан Омаров хакім Абай Құнанбаевтың бұған дейін жарияланбаған туындысын тапты.

Абай Құнанбаев

Бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Туындыны бірінші болып жарты ғасып бұрын академик Әлкей Марғұлан Омсктегі архивтен тауып, авторы Абай Құнанбаев болуы мүмкін екенін айтқан.

Сол кезде 34 шумақтан тұратын «Жаңа закон» поэмасының төңірегінде дау туындаған еді. Филологиялық кеңес ғалыммен келіспей, поэма ұмыт қалған.

Абайтанушы Асан Омаров зерттеу жүргізіп, поэманың Абайға тиесілі болуы мүмкін екендігінің дәлелдерін ұсынды.

Бұған дейін Абайдың 175 туындысы белгілі болған еді. Ендігі зерттеуші тағы 20 туындыны қоспақ.

«Сол кезде, яғни 1880 жылы бұлай жаза алмас еді. Семей губерниясында заңдарды, орыс тілін білген басқа адамды білмейміз. Оның үстіне, ол жерде «Семей облысы, Шыңғыс уезі» және «А.К.» деп жазылған. Ал 1880 жылы Шыңғыс уезінде орыс тілін білген және «А.К.» ретінде көрсетілген кім? Абай Құнанбаев? Басқа жақын ешкім жоқ. Оны (поэманы — ред.) Абайдың кітабына, Абайдың жинақтарына енгізіп, лайықты орын алуы тиіс», — дейді абайтанушы Асан Омаров. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz