Абай облысының әкімі тағайындалды
57 жастағы Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл туралы t.me/orda_kz телеграмм каналы жазды.
Бұған дейін Нұрлан Ұранхаев Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасын басқарды. Бұған дейін тағы бір жыл Алматыдағы осыған ұқсас басқарманы басқарды.
Ол әр жылдары Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімі болды. Тағайындалған адамның бүкіл еңбек жолы энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен байланысты.