Абай облысындағы жаңа құрылған аудандардың жағдайы әкім назарында

0

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифингінде жаңадан пайда болған Мақаншы мен Жаңасемей аудандарының инфрақұрылым мен экономикалық жағдайы туралы атап өтті.

Облыс әкімінің айтуынша, Мақаншы мен Жаңасемей аудандарында бұрын жоспарланған жұмыстар жүргізіліп жатыр, әкімшілік аппарат қалыптастырылды, барлық қажетті функциялар орындалуда.

«Инфрақұрылымға келетін болсақ, әкімшілік ғимараттың құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Ауылдық денсаулық сақтауды дамытуға байланысты, медициналық-санитарлық пункттер, ауылдық емдеу зертханалары, ауылдық-акушерлік пункттер салынуда. Су құбыры желілері де жасалуда, яғни бәрі ойдағыдай, ештеңе өзгермеді. Олар аудандардың құрамында болғанын, олар бос жерде туылмағанын, яғни бұрын жоспарланған жұмыстар жүргізіліп жатқанын түсіну керек. Жаңасемей ауданында да, Мақаншы ауданында да, барлығы жоспардағыдай жүруде.», деді Нұрлан Ұранхаев.

фото: inform.kz