Абай облысындағы шахтада бір жұмысшы төтенше жағдайдан кейін қайтыс болды

0

Компанияның ресми Facebook-профилінде хабарланғандай, қайғылы оқиға бүгін түстен кейін Орел шахтасында болған.

«Кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды. Алдын ала себеп — тау массасының құлауы. Алған жарақаттарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екіншісі үйінде», — делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстарына көңіл айтты. Отбасына көмек көрсетіледі.

Сурет: pixabay

t.me/newsnurkz