Абай облысындағы өртте қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаева жүкті болған

0

Абай облысындағы өртте қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаева жүкті болған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы марқұмның құрбысы айтып берді. 33 жастағы Мейрамгүл Жиенбаева «Семей орманы» РМУ «ГЛПР» Новошульбі филиалының Успен орман шаруашылығының басшысы болған.

Ауыл тұрғындары Мейрамгүл Жиенбаеваның өрт шыққан сәттен бастап дабыл қаққанын айтты.

«Филиал басшылығы бір-бірінің артына тығылып, кеңселерді аралап, күні бойы ешнәрсе істемеді. Сосын марқұм Мейрамгүл телефон соғып, «7 шақырым қалды, екі шақырым қалды» деп қайта-қайта дабыл қаққан», –  деді марқұмның құрбысы Шолпан Кенжебаева.

Марқұмның артында күйеуі, 15 жасар ұлы мен 5 жасар қызы қалды. Мейрамгүлдің құрбысы Шолпанның оның жүкті болғанын айтты.

Алайда Бородулиха аудандық ауруханасының бас дәрігері Айжан Амангелді Мейрамгүлдің жүкті келіншектердің тізіміне тіркелмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Мейрамгүлдің жүктілігі туралы мәлімет жоқ.