Абай облысында жоғалған атасы мен немересі аман табылды
Абай облысында құтқарушылар жоғалған екі адамды тапты. Бұл жайында ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Бүгін таңертең Абай облысында 1965 жылы туған ер адам мен оның 2013 жылы туған немересін құтқару операциясы сәтті өтті.
Олар елді мекеннен 25 км қашықтықта іздеу-құтқару жұмысы барысында табылды.
Тікұшақ ауаға көтерілді.
Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.