Абай облысында орман өртенді: Шипажайға қауіп төнді

0

Ресей аумағынан шыққан өрт Абай облысының шекаралас аумағына тарады. Жалын «Семей орманы» табиғи резерватына тарады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі.

Қазір өрттің ауданы – 70 га. Өңірдің ТЖД мәліметінше, алаудың «Березовка» шипажайына таралу қаупі бар.

Өртті ТЖД-ның 40-тан астам қызметкері және орман шаруашылығының 150-ден астам қызметкері сөндіруде. 60 бірлік техника жұмыс істейді.

Полиция халыққа ескерту жасады. Ауылға кірер жолда жедел облыстық штаб ашылды.