Абай облысы Үржар ауданында алапат өрт болып жатыр (фото)

0

Абай облысы Үржар ауданы алапат өрттің құшағында жатыр. Екі күннен бері тоқтаусыз жанып жатқан дала өртін сөндіруге Семейден 20 полиция қызметкері аттанды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Үржар ауданындағы дала өрті Қарабұлақ ауылынан 18 шақырым қашықтықта тұтанған. Қазір «Шаған-Тоғай» учаскесіндегі қураған қамыс тоқтаусыз жанып жатыр. Бас-аяғы екі күннің ішінде бес мың гектар күлге айналды.

Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті ауыздықтауға таулы жердегі жел мен техникалардың өрт ошақтарына жете алмауы кедергі келтіруде. Дегенмен, жұмылдырылған 324 адам тәуілік бойы отпен арпалысып жатыр.

Қазір алапат өртті сөндіру үшін Павлодар облысынан да көмекке адамдар келген. Сондай-ақ, Абай облысының полиция департаментінен де қосымша 20 тәртіп сақшысы аттанды