Абай облысы Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды

0

Абай облысы Бородулиха ауданының әкімі болып Айдар Ибраев тағайындалды.

Айдар Маратұлы еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің тілшісі ретінде бастаған.

2004-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекші маманы, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспек торлық бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының көмекшісі, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің талдау және әлеуметтік-саяси жағдайлар секторының бас маманы, 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы, 2010-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы болды.

2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, 2013 жылдың наурызынан 2013 жылдың қазанына дейін Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік филармониясының директоры қызметтерін атқарған.

2013 жылдың қазан айынан «Жарма ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару бөлімінің бас маманы болды.

2013-2015 жылдары Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы, 2015 жылдан 2022 жылға дейін Жарма ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

2022 жылдан осы уақытқа дейін Абай облысы мәдениет басқармасының басшысы болып еңбек етті.