Абай Бегейдің блогер қызы елді өзіне қарату үшін видео түсіріп, жауапқа тартылды
Сонымен қатар көлікте қасында отырған баланың қолын ұстаған әйелдің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Kznews.kz KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілерді бақылай отырып, Lexus NX200 көлігі жүргізушісінің құқық бұзушылық жасағаны туралы видеоны анықтағанын айтты.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 27 жастағы азаматты анықтады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) әкімшілік хаттама толтырылды.
“Белгілі болғандай, жүргізуші көлікті қауіпсіздік белдігінсіз басқарған. Сондай-ақ көлікте арнайы балаларға арналған орындық болмағаны анықталды”,– деді полиция.
фото: nur.kz