Абай Бегей жалаңаш әріптестерін сынап тастады

0

Қазір хайп деп, әркім әр түрлі нәрсе жасап жүр. Бірі жартылай жалаңаштанады, бірі аймаласады, бірі қамшы алып жезөкшелерді қуады. Аспанға қарап жүретін Абай мырза да тәнін көрсеткендер абай болғаны дұрыс дейді.

Абай БЕГЕЙ, ӘНШІ:

Бізде осы қазақ эстрадасында жүрген бір екі қарындастарымыз бар, бір-екі інілеріміз бар. Енді, әрине, ол дұрыс емес. Өнер өнерімен, бірақ біз мұсылман, қазақ екенімізді ұмытпауымыз керек. Ертең жастар көреді, еліктейді. Сол себепті ашық-шашық емес, былай да атыңды шығарғың келсе, халыққа өнеріңді көрсетсең, халық, әрине, таниды ғой. Сол себептен мен көкірегін ашып, тыр жалаңаш танылғаннан танылмаған жақсы деп ойлаймын.