Абай Бегей үлкен қызы жайлы: Тату болу үшін азғырушылар азаюы керек — Қазақстан жаңалықтары
Былтыр екінші рет шаңырақ көтерген Абай Бегей бүгінде көпбалалы әке. Марқұм болған алғашқы жұбайынан үш қызы мен бір ұлы бар. Сондай-ақ, екінші некесінен бір атұстары өсіп келеді. Өкінішке қарай, әнші осыдан екі жыл бұрын ұзатылған қызы Еркемен ара-қатынасының бұзылғанын айтқан болатын. Әнші әлі күнге дейін немересінің маңдайынан иіскей алмаған көрінеді.
Бұл туралы Stan.kz 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қызыңыз балалы болғаныңызбен құттықтады ма? Өзіңіз хабарластыңыз ба?» — деген журналист сауалына әнші нақты жауап бере алмады. Алайда ортада азғырушылар бар екенін айта келе, әлі де тұңғышымен ара-қатынасының түзелмегенін меңзеді.
«Жалғыз менің басымдағы жағдай емес. Біз, ер адамдар, әлсізбіз. Беріліп қоямыз да, содан кейін өзімізден көреміз. Әйел адамдарға билік беріп қоямыз, олар сосын азғырса да өз еркінде. Сол себепті ешкімді жамандамаймын. Басымызға қиын жағдай түскенде көмектескендеріне Алла разы болсын деймін. Қалған жағына келсек, тату болғанға ештеңе жетпейді ғой. Тату болу үшін ортадағы азғырушылар азаюы керек па, әлде оған уақыт керек па?! Соны күтіп жүрмін қазір», — деді Абай Бегей.
Бұдан бөлек, өнер иесі ортаншы қыздарының кішкентай сәбиге деген көзқарасы жайлы айта кетті. Алғашқыда қызғаныштың кесірінен түсініспеушілік туындай ма деп қорыққан Абай бүгінде бұл жағдайдың реттелгенін айтады.
«Басында кішкене қызғаныш сезімі болды. Әрине, болады. Соңғы кездері ешкімге бергісі келмей, иіскеп, өздері қызғанып жүр. Сол жағынан қорқып, уайымдап едім. Бірақ бәрі жақсы. Екеуі бір-бірінен қызғанып жүр. Аллаға шүкір, жақсы», — дейді әнші.
stan.kz