Абай Бегей келінінің ұзату тойын көрсетті

0

Әнші Абай Бегей үлкен ұлының жақында үйленетінін айтқан болатын. Өнер иесі көпшілікке келінінің ұзату тойын көрсетті, деп жазады Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша, олар келінді ұзатып алу үшін Шымкент қаласына барған.

Әнші парақшасында құдалық пен «Сырға салу» рәсімін және ұзату тойының видеосын бөлісті.

Абай Бегейдің мәліметіне сүйенсек, келінінің есімі — Бадинұр. «Қыз ұзату. Жалғас-Бадинұр», — деп жазды Абай Бегей.

Желі қолданушылары да әншінің отбасылық қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырған. «Бақытты болсын», «Қандай керемет», «Бізге де осындай той жұмысты болсын», «Құттықтаймын», «Жастар бақытты болсын», — деп жазды желідегілер.

фото: instagram.com/badinur_zhalgas