Абай ауылында зорланған баланың ісі бойынша сот үкімі шықты
Шымкентте Абай ауылында 7 жастағы баланың зорлануына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Оқиғаға 2002 жылы туған жасөспірім кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, сот үкімі бойынша сотталушы қауіпсіздігі орташа деңгейдегі (жалпы режимдегі) түзеу мекемесінде жазасын өтеуі керек. Жәбірленушінің анасы сот үкіміне қанағаттанатынын айтты. Ал сотталушының тарапы сот шешіміне қарсылық келтіргелі отыр.
Түркістан облысындағы Абай ауылында 7 жастағы баланың зорлану дерегі бойынша сот процесі былтыр қыркүйекте басталды. Оқиға туралы алғашқы дерек наурыз айының ортасында жария болды. Қылмыстық іс бойынша жоғары сыныптың бір топ оқушысы күдікті ретінде жауапқа тартылды. Бірнеше мемлекеттен келген сарапшылар 14 зерттеу жүргізіп, бес айдан соң бала шынымен де зорланған деген қорытынды жасады. Іс бойынша бір жасөспірім айыпталды.
Айыпталушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі (“Бірнеше мәрте жасалған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері”) бойынша сот тергеуі жүргізілді. Сот процесі жабық жағдайда өтті. Әуеліде бұл іс бойынша төрт жасөспірім жауапқа тартылған, бірақ қылмыс жасалған кезде 14 жасқа толмағандықтан олардың үшеуіне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.
Дереккөз: Baribar.kz