Абаевтың орынбасары Нұр-Сұлтаннан пәтер ұтып алды — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов Нұр-Сұлтандағы құрылыс компаниясының пәтеріне ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Компания клиенттер арасында жыл сайын ұтыс ойынын өткізеді. Биыл ұтысқа екі мыңнан астам адам қатысқан.
Бас жүлде елорданың жаңа тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтер болды. Оны ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұловтың отбасы жеңіп алды.
«Біз жүлдеге үміт артпадық, сондықтан холлға шықтық. Экранда біздің билеттің нөмірін көргенде, біз таңқалдық және болған оқиғаға сенбедік. Бұған дейін біз ұтыс ойынына қатысқанбыз, бірақ бүгін жолымыз болды», – деп Ғабидулла Оспанқұлов сезімімен бөлісті.
stan.kz