Абаев журналистерге «жыны келген» әріптесі туралы: еш уақытта ашуланбау керек

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

45 0 0

Ақпарат министрі әріптестерін қойылған сұрақтарға жауап беруге шақырды

АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «жынымды келтірмеңізші» деп ашуланған ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің әрекетіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Еш уақытта ешкім ешкімге ашуланбауы керек. Сұрақ қойылды ма, жауап беру керек», — деп қысқа қайырды Абаев үкімет кулуарында.

Еске сала кетсек, жуырда ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің журналистің тарифке қатысты қойған сауалына берген жауабы желіні шулатты.

Вице-министрден тариф туралы сұраған телеарна тілшісі «бұл басқа шара, жынымды келтірмеңізші» деген жауап алды.

Шенеуніктің дөрекі жауабы желіде қызу талқыға түсті. Осыдан кейін көп ұзамай Жұманғарин артық кеткенін түсінді ме, өрескел жауап бергені үшін журналистерден кешірім сұрады.



sputniknews.kz