Абаев Үндістанда «қамалып қалған» қазақстандықтар туралы

0
20

Үндістан 15 сәуірге дейін барлық шекарасын жапты. Тіпті әуе, жерүсті және теңіз көліктері қатынасына да тыйым салынған

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстан үкіметі Үндістанда жүрген 76 азаматты елге қайтару мәселесін шешіп жатыр. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазіргі таңда 76 отандасымыз туралы сөз болып отыр. Сіздер білесіздер, Үндістан 15 сәуірге дейін барлық шекарасын жапты. Әуе, жерүсті және теңіз көліктеріне де тыйым салынған. Сол себепті азаматтарымызды елге қашан және қалай жеткізу мәселесі қаралып жатыр», – деді Абаев астанада өткен онлайн брифингте.

Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 125 адамға жетті.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші адамның кім екені белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласында – 60, Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3, Атырау облысы – 3, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Ақмола облысында – 1, Павлодар облысында – 1 адам тіркелді.

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз тәулікке созылады. Ал астана мен Алматы карантинге жабылды.



sputniknews.kz