Абаев «Қазконтент» компаниясының жұмысымен танысты
Фото: Нұржас Жақсыбай
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазконтент» АҚ-ның жұмысымен танысты.
«Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Думан Қожахметов министрге жаңа офисті таныстырды. Ол жаңа жұмыс орнының қызметкерлерге қолайлы екенін, мұнда олар үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
Сондай-ақ басқарма төрағасы Дәурен Абаевқа компаниядағы еңбек өнімділігін аттыру үшін цифрлық технологиялар енгізілгенін жеткізді.
«Қазіргі таңда «Қазконтентке» цифрлық технологияларды кеңінен енгізудеміз. Сіздің алдыңызда цифрлық офис тұр. Енді маған қызметкердің жұмыста отырған, отырмағанын бақылаудың қажеті жоқ. Мен бағдарлама арқылы тапсырма беріп, оның жұмыс күнін бақылаймын. Яғни біздің енді өзіміздің жұмыс лентамыз бар. Бұл Facebook сияқты. Осы бағдарламалар арқылы тапсырма беріледі. Оның барлығы мобильді түрде жүргізіледі», — деді Думан Қожахметов.
Өз кезегінде министр қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың көмегінсіз жұмыс істеу мүмкін еместігін жеткізді.
«Оларсыз (ақпараттық технологияларсыз – автор) жұмыс істеу мүмкін емес», — деді Дәурен Абаев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ