Абаев Назарбаевтың қатты сынға алынған шешімі туралы айтты

0

Ұлттық қор тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2000 жылы құрылды. Оның басты мақсаты – қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін қаржы жинау және әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалдың ел экономикасына ықпалын шектеу

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Елбасының бастамасымен құрылған ұлттық қор қазір адам өмірін құтқарып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бұл туралы министр коронавирусқа байланысты өткен брифингте мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы тапсырмасының нақты жұмыс жоспары және ұлттық қорда жиналған қаражат бар. Осы ретте ұлттық қорға қаражат жинау туралы шешім Елбасы көрегендігінің тағы бір дәлелі деп айтуға болады…Бір кездері бұл шешімді қатты сынаған еді, ал енді бүгін бұл шешім адам өмірін құтқарып жатыр», — деді Абаев коронавирус бойынша қазіргі жағдайды баяндап. 

Айта кетсек, Ұлттық қор тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2000 жылы құрылды. 

Оның басты мақсаты – қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін қаржы жинау және әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалдың ел экономикасына ықпалын шектеу. 

Қорға ақша бірнеше қаржы көзінен түседі: 

  • Мұнай секторы ұйымдарының салығы;
  • Мұнай секторындағы операциялардың басқа түсімдері; 
  • Республикалық меншік пен ұлттық холдингтер мен компаниялардың активтерін жекешелендіру; 
  • Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық табыс; 
  • Қазақстан заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен табыстар.

 



sputniknews.kz