Абаев «Древний Рим» мейрамханасындағы оқиғаға қатысты депутаттарға жауап берді — Ел жаңалықтары
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық сұхбат» (эфир 10 қаңтарда шықты) бағдарламасында Парламент Мәжілісі депутаттарының арызына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Таяуда мәжілісмен Нұртай Сәбильянов қылмыстық іске қатысы бар адамдар әділ жазасын алады деген сенім білдірді. «Заң алдында барлығы бірдей. Алайда осы іске қатысты кейбір БАҚ әр түрлі мәліметтер келтіріп жатыр. Біздің мақсатымыз саяси тұрақтылықты сақтап және қоғамдық келісімге келу, экономиканы дамыту тәуелсіздігімізді нығайту және мемлекеттің тұтастығын сақтап қалу керек. Осы жағдайға қатысты БАҚ мәліметтерін тексеріп, объектив әрі нақты қадамдар жасауын өтінеміз», — деді депутат Абаевқа.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігі туралы халық қалаулысы Наринэ Микаелянда айтты.
«Әрине, мұнда сөзсіз БАҚ-тың жауапкершілігі туралы айта кету керек. Осыған орай Ақпарат және коммуникациялар министрлігін осы мәселені жүйелі ерекше бақылауға алуды сұраймын», — деді ол депутаттың сауалда.
Нұртай Сәбилянов және Наринэ Микаелян
Осы мәселелерге тоқталған министр «депутаттардың сөзі дұрыс» екенін айтты. «Шыныменде, біздің елде бейбітшілік пен келісімді сақтау керек. Халықаралық қатынастар — біздің ең басты мақсаттарының бірі. Осы жағдайға қатысты, менің ойымша, кейбір аралас акценттер болған секілді. Оқиғаның жариялануы туралы сараптайтын болсақ, журналистер, бұқаралық ақпарат құралдары, керісінше, осыған максимал жауапкерішілікпен қарады.
Біздің мониторинг қандайда да бір заң бұзушылықтарды, деректермен манипуляцилауды тапқан жоқ. Ал әлеуметтік желіде және мессенджерлерде жағдайды ушықтыру хабарламаларын тарату деректері болды және ішкі істер органдары онымен айналысып жатыр. Бақылау мәселесіне тоқталатын болсақ, бүгінде барлығы да заңнамаға сай жүзеге асырылады. Көрінеу жалған ақпарат тарату, ұлтараздық тудыру және басқа да әрекеттер үшін жауапкершілікке тартылады», — деді Абаев.
Министр тағы бір сұраққа жауап берді: «Тұрғылықты жанжал осындай масштабы және резонансқа айналуына не себеп?»
«Бұл жанжалды ұлтаралық деуге болмайды. Бұл көп адам қатысқан тұрғылықты жанжал. Айта кетейін, Қазақстанда жыл басынан бері жеті күнде 39 адам қасақана өлтірілді және 46 адамға ауыр жарақат салды. Негізінен бұл ішімдік ішу мәселесіне келіп тіреледі, яғни себебі мүлде басқа да. Нақты осы жағдайға қатысты түсіндіру мәліметтері белгілі болды. Мейрамхана әкімшілігі мен келушілер арасында жанжал шыққан. Екі жақта да әр түрлі ұлт өкілдері болды. Істің мән-жайын анықтап, кімнің қандай себебі болғанын білместен бұрын «сіздік, біздікі» — деп бөлес салу әрине оңай шаруа, бірақ бұл қауіпті жол», — деді министр.
Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.
9 қаңтарда Қазақстан ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Ресейдің құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, Омбы облысының территориясынан Қарағандыда 1 қаңтарға қараған түні бұзақылық әрекет жасады және адам өлтірді деген күдікке ілінген армениялық Нарек Гурурянды ұстады
Оған дейін, ер адам видео үндеу жариялап, онда төбелеске қатысқаны туралы, бірақ адам өлтіруге қатысы жоғы екенін айтқан еді.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz