Бораттың үлкен мүсіні орнатылып, Қазақстан туымен флешмоб өтті (видео)

0
170
Advertisement

Австралияның Сидней қаласындағы ең әйгілі Бондай Бич жағажайында «Бораттың сыңарларыы» атты шеру өтті.

Бораттың шашы секілді парик пен маскини (медициналық маска түріндегі манкини) киген 40 ер адам йога сеансын өткізді.

Аталған орында Қазақстанның туы байқалады. Бораттың алты метрлік мүсіні де жағажайдан алыс емес жерде орнатылды. Үлкен мүсін арнайы тікұшақ көмегімен жеткізілді. Ол жағажайға жақын орналасқан Сиднейдегі Маркс-паркінде 24 сағат бойы тұрды. Жергілікті уақыт бойынша 23 қазан, жұма сағат 11-ге дейін тұрады деп жоспарланған.

Борат рөлін сомдайтын Саша Барон Коэннің бейне хабарламасы интернетте жария болды. Видеода ол мүсіннің Мельбурндегі 14 күндік карантинде болғанын, қазір босатылғанын атап өтті. Бірақ төрт күзетші онымен «жыныстық қатынас» жасаған соң сифилис жұқтырғанын мәлімдеді.

Мүсінді тікұшақпен Маркс-паркіне апарған сәтті жергілікті БАҚ көрсетті. Шамасы, флешмоб пен мүсінді орнату «Бораттың» екінші бөлімінің премьерасы жоспарланған Amazon Prime стримингтік қызметінің ресми жарнамалық науқаны болса керек.

Фильмнің шығуына орай акция Лондонның орталығында да өтті. Саша Барон Коэннің «сыңарлары» Қазақстанның туымен Темза бойымен жүзіп өтті. Борат мүсіні бар баржа Ұлыбритания астанасының басты көрнекті жерлері, оның ішінде Лондон мұнарасы арқылы жүзді.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз