«98 мың теңге»: Айжұлдыз Адайбекова үш айлық ұлына алған қымбат аяқ киімді көрсетті

0

Отандық танымал дизайнер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова үш айлық сәбиіне қалай киім таңдайтынын көрсетті. Өнер иесі баласына келгенде қыруар қаржымен оңай қоштаса алады

Ол тұңғышының барынша бренд киімдер кигенін қалайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Айжұлдыз Адайбекова өзіне қарағанда, ұлына киім аларда көп қаржы жұмсайды. Бұған дейін жас ана сәбиіне 569 мың теңгеге киім сатып алып берген болатын Ал бұл жолы Жанар Айжанованың қызы 98 мың теңге тұратын Burberry брендінің аяқ киіміне қызықты.

Ол кішкентай балалар үшін жасалған қымбат аяқ киімді Instagram желісінде қалың көпшілікке көрсетті. Алайда, Айжұлдыздың нақты сол бағалы затты алғаны әзірге белгісіз.

Дегенмен, видеода өнер иесінің аталмыш дүкеннен бір киім алып кеткені анық. Видеода сатушының түбіртек шығарып жатқан сәті көрініс тапты.