9 жыл бойы өлілер санатында екенін праймеризге тіркелгенде бірақ білген

0

Алматы облысында Алакөл ауданының тұрғыны 9 жыл бойы өлгендер санатында жүрген. Кенжебек Алпысбаев бұл туралы тек праймеризге қатысуға ниет білдіріп, үміткер ретінде тіркелгенде бір-ақ білген. Осылайша, ойламаған жерден қиын жағдайға тап болыпты. Өйткені, ол күні-бүгінге дейін ел қатарлы салық төлеп, тиісті органдарда құжаттарын рәсімдеп отырған. Сөйтсе бар гәп 2011 жылдан басталыпты. Сол жылы Кенжебек Алпысбаевтың анасы өмірден озып, ол қайтыс болу туралы куәлікке өтініш берген екен. Мамандар анасының орнына өтініш берушінің жеке сәйкестендіру кодын жазып жіберген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

КЕНЖЕБЕК АЛПЫСБАЕВ АЛАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Праймеризге қатыспасақ, әрине, мен «Nur Otan»-ның қатарында жоқ болар ем. Бірінші таңқалып қалдым да, мен қалай өлім қалғам деп. Ашуланатын жағдай. Негізінен, жыл сайын жарнасын төлеп отырмыз. Жиналысына қатысамыз. Базаны тексермеген ғой. Қарапайым адами қателік қой бұл жерде».

Кенжебек Алпысбаев бірден құзырлы органдарға шағымданыпты. Бұл қателікке байланысты арнайы комиссия құрылып, текесеру жүргізілген. Артынша, бәрін бүлдірген мамандар жауапкершілікке тартылып, олқылылық тез арада орнына келтіріліпті.

ДИНАРА МҰХАМЕДЖАНОВА АЛАКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

«Nur Otan»- партиясының адамдары келіп, қайтыс болған адамдардың тізімін сұратқан. Сол кезде бұл кісілер мына қайтыс болған акт жазбасын алып кеткен. Бұл қайтыс болу акт жазбасының төбесінде бұл акті жазбасы 2011 жылы 12-шілдеде Әділет басқармасының қорытындысымен жойылды деген белгі тұр. Ол кісілер де сол білмегендіктен, бұл кісіні «Nur Otan» партиясының тізімінен алып тастаған».