9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы




Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, республиканың басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, аязды болады.
Батыс, оңтүстік аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, көктайғақ сақталады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел болуы мүмкін.
Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, екпіні 28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерінде тұман түседі.
Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерінде көктайғақ болады.
Қызылорда, Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ